×

СҚО тұрғыны жарылғыш зат туралы жалған хабарлама үшін екінші рет сотталды

Күдікті Аққайың ауданының Қиялы ауылында ұсталды

 Халық үні 27.05.2022 | 08:20
фото: Polisia.kz

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген 58 жастағы солтүстікқазақстандық 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Ауыл тұрғыны масаң күйде облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке қоңырау шалып, Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

Күдікті Аққайың ауданының Қиялы ауылында ұсталды. Бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – дейді облыстық Полиция департаментінің Экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18