Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті
Олармен Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде кеңесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кездесуде президент Конституцияның 44-бабына сәйкес, премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.
Талқылауға AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.