Елімізде барлық деңгейдегі жобаларға жаңартылған бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді.
Жаңартылған сараптама биылдан бастап қала құрылысы жобаларының барлық түрлерін қамтитын болады, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Бұрын бас жоспарлар (халқы 100 мың адамнан аз қалаларда) жергілікті атқарушы орган – әкімдікпен ақылдасып, кешенді сараптамадан өтіп жасалса, енді ірі қалалар үшін сараптама орталық мемлекеттік орган деңгейінде жасалады. Бұған дейін қала құрылысына қатысты шешімдер уақтылы қабылданбай, қағаз шығын болып жататын. Соның кесірінен жоспарлау жобалары мен құрылыс жобаларын әкімдіктер сараптама жүргізбей қабылдайтын, – делінген хабарламада.
Енді 2024 жылғы қаңтардан бастап барлық жаңадан әзірленген және түзетілген қала құрылысы жобалары (бас жоспарлар, ПДП және құрылыс салу жобалары) «бір терезе» қағидаты бойынша «Мемсараптама» РМК-да кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтетін болады.
Қала жобаларына сараптама толығымен электрондық форматта, www.epsd.kz бірыңғай порталы арқылы жүргізіледі. Порталда пайдаланушылардың қалалық сараптама құнын алдын ала есептеуге және әзірленген құжаттама жиынтығымен өтінім беруге мүмкіндігі бар.
«Мемсараптама» РМК-мен өзара іс-қимылдың барлық процесі шартқа қол қоюды, ескертулерді түзетуді, сараптама тобы бекітуге ұсынған түпкілікті редакцияда қорытынды мен қала жобасын алуды қоса алғанда, порталдағы жеке кабинет арқылы іске асатын болады.
Осылайша, қала жобаларының жаңартылған бірыңғай қала құрылысы сараптамасы жұмыс процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді, бұл экономикалық операциялардың және олардың мониторингінің ашықтығына, адами факторды барынша азайтуға әкеп соғады.