Білім беру нысандарының тізімі министрліктің сайтында жарияланған
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған.
Оған мыналар кіреді:
Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында 3 мектептен, Жамбыл облысында 4 мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында 2 мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 мектептен салынады.
Еске сала кетсек, өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.