75 жастағы монарх 5 ақпаннан бері емделіп жатыр
Ұлыбритания королі III Чарльздің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы Букингем сарайына сілтеме жасаған BBC хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, 75 жастағы монарх 5 ақпанда емделуге кіріскен.
Бұған дейін III Чарльз простата безіне байланысты медициналық процедурадан өткен. BBC-дің ақпаратына қарағанда, дәл осы уақытта оған қатерлі ісік диагнозы қойылған. Аурудың қуықасты безіне қатысы жоқ.
Король ауруды емдеуді 5 ақпанда бастады. Ол ауруханаға жатқызылмайды. Амбулаторлық ем алады. Дәрігердің ұсынысы бойынша емделу кезінде барлық кездесуден бас тартады. Дегенмен ол мемлекеттік құжаттармен жұмысын жалғастыра береді.