×

Ұлыбритания королі III Чарльз қатерлі ісікке шалдықты

75 жастағы монарх 5 ақпаннан бері емделіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 06.02.2024 | 12:25
Фото: Heide Pinkall/Shutterstock.com

Ұлыбритания королі III Чарльздің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы Букингем сарайына сілтеме жасаған BBC хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, 75 жастағы монарх 5 ақпанда емделуге кіріскен.

Бұған дейін III Чарльз простата безіне байланысты медициналық процедурадан өткен. BBC-дің ақпаратына қарағанда, дәл осы уақытта оған қатерлі ісік диагнозы қойылған. Аурудың қуықасты безіне қатысы жоқ.

Король ауруды емдеуді 5 ақпанда бастады. Ол ауруханаға жатқызылмайды. Амбулаторлық ем алады. Дәрігердің ұсынысы бойынша емделу кезінде барлық кездесуден бас тартады. Дегенмен ол мемлекеттік құжаттармен жұмысын жалғастыра береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама