Halyq Uni логотип
×

Алматы маңында 5,5 балдық жер сілкінісі болды

Магнитудасы 5.5 баллды құраған жер асты дүмпуінің тереңдігі – 10 шақырым

 Халық үні 27.05.2022 | 07:30
Алматы маңында 5,5 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі кеше, 26 мамыр күні сағат 21.50 шамасында Алматы қаласынан солтүстік-шығысында тіркелді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәлімдеді.

Зілзаланың энергетикалық класы 11.1. Магнитудасы 5.5 баллды құраған жер асты дүмпуінің тереңдігі – 10 шақырым. «МСК-64» шкаласы бойынша Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл болып сезілді, – делінген хабарламада.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама