×

Павлодарда жасөспірімді зорлады деп сотталған блогерді өлтіргендер жазаға тартылды

Блогер 2021 жылдың қаңтар айының соңында «Зорлау» бабы бойынша сотталған

 Халық үні 27.05.2022 | 06:31
Фото: ашық дереккөздерден

Екібастұздық блогерді өлтірді деп айыпталған Павлодар облысындағы қатаң режимдегі колонияның үш тұтқыны 17, 14 және 12 жылға сотталды. Облыстық №2 соттың үкімі 12 мамырда шыққан. Бірақ бұл туралы енді белгілі болды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген А., Ж., және К. 2021 жылғы 8 және 9 мамырда алдын ала келісіп, сотталушы К.Ю.-ны соққыға жығып, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Аса қатыгездікпен қару ретінде илектеу түріндегі ағаш заттарды пайдаланған. Салдарынан сотталушы 2021 жылдың 9 мамырында қайтыс болған», - делінген pvl.sud.kz сайтындағы ақпаратта.

Павлодардағы АП-162/4 мекемесінде қаза тапқан – екібастұздық 40 жастағы блогер Юрий Комм. Ол «Горняк» саяжайында 14 жасар қызды саяжайда зорлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Дегенмен блогер өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның әпкесі де ағасының қылмыс жасамағанын, қыздың пәк болып қалғанын алға тартты. Ал басқа бұқаралық ақпарат құралдары мен құқық қорғаушылар сот үкімінен кейін қалада кәмелетке толмаған қызды қудалау басталғанын жазды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама