Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
- Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндетін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін, – делінген құжатта.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, 7 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.