Көкшетауда мас екі ер адам көршісінің үйін өртеп жібермек болған

Халық үні

Баспананың ауласында кәмелетке толмаған төрт бала, ал ішінде бір бала болғаны анықталды

Фото: ашық дереккөздерден

26 мамырда полицияға телефон арқылы әйелден қауіп туралы хабарлама келіп түскен. Ол көршісінің үйінің ішіне бензин шашып, өртеп жіберемін деп қорқытқан. 

Тәртіп сақшылары оқиға орнына келген кезде үйде ашы суға тойып алған екі ер адам болған. Баспананың ауласында кәмелетке толмаған төрт баланың, ал ішінде бір баланың болғаны анықталды.

Үйдің барлық бөлмелерінен жанармайдың иісі мүңкіп тұрды. Ер адамдар келіссөздерге көнбей, оттықты пайдаланамыз деп, қоқан-лоққы көрсетулерін жалғастыра берген», – деп хабарлайды Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Абырой болғанда, облыстық полицейлер ішінде кішкентай балалар бар үйді өртеуге оқталған адамдарды анықтап, қайғылы оқиғаның алдын алды.