×

Ақтаудағы Rixos қонақ үйі көлге лас су төгетін құбырын бөлшектеп тынды (ВИДЕО)

Оған тексеріс аққулардың жаппай қырылғанынан кейін басталған

 Еркеғали Болатұлы 05.02.2024 | 16:02
фото: pskov.kp.ru

Ақтаудағы «Риксос» қонақ үйі Қаракөл көліне апаратын құбырды бұзды. Олар дәлел ретінде бейнежазбаны ұсынды, деп жазды Lada.kz

Rixos хабарлағандай, қазір қонақ үй толықтай қалалық орталық кәріз жүйесіне қосылған. Қонақ үй тарапынан қоршаған ортаға антропогендік әсер жоқ. Сондай-ақ уәкілетті органның экологиялық бақылау саласындағы кемшіліктерді жою туралы ұйғарымы шығарылып, ол мерзімінен бұрын орындалды.

Қаракөл көліне ағынды су құятын құбыр бөлшектелді. Мемлекеттік бюджетке төлемдер жасалды, - деді Rixos қонақ үйінің әкімшілігі.

Бұған дейін қонақ үйге қарсы екі әкімшілік іс қозғалғаны хабарланған болатын. Ал оған тексеріс Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылғанынан кейін басталғаны мәлім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама