Grand Slam: Нұрлыхан Шархан қола жүлдегер атанды
Дзюдошы іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты
Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Grand Slam жарысында қола жүлдегер атанды. Ол әлемдік жарыстың кіші финалында Швейцарияның өкілі Айх Даниэльден басым түсті.
Нұрлыхан Шархан іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Ол алғашқы айналымда америкалық Натаниэль Киваны, одан кейін әлемдік рейтингтің 3-орнында тұрған Нидерланды спортшысы Майкл Коррелді жеңді.
Ширек финалда сербиялық Александр Куколды қосымша уақытта вазари ұпайымен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы, испаниялық Николоз Шеразадишвилимен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Парижде өтіп жатқан Grand Slam турниріне әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 100 ұпай, 2-орынға – 700, ал 3-орынға 500 ұпайдан қосылады.