Шетелдік маман «Канелоның» үшінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты

Халық үні

Бұған дейін боксшылар екі рет жұдырықтасқан болатын

Фото: ашық дереккөздерден

Аты аңызға айналған мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес өзінің отандасы Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретініне сенімді.

Геннадий Головкин 40 жаста және оның дайындығы жақсы. Бірақ үшінші жекпе-жекте «Канело» оны нокаутқа түсіреді деп ойлаймын. Головкин дәл қазір спорттық мансабының шыңында емес. Менің ойымша, оның стилі «Канелоға» ыңғайлы. Қазақстандық – өте агрессивті боксшы. Егер ол жақын қашықта жұдырықтасса, бұл «Канелоға» жақсы. Бұл тамаша жекпе-жек болады. «Канело» кезекті жеңісіне жетеді деп ойлаймын. Сегізінші немесе тоғызыншы раундта жеңіске жетуі мүмкін», – деді Хуан Мануэль Маркес.

Еске салсақ, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі биылғы 17 қыркүйекте өтеді. Бұған дейін боксшылар екі рет жұдырықтасқан болатын. Алғашқысында тең түссе, екінші кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.