Бастапқыда Молдованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы Игорь Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан
Сот экс-президентті изоляторға орналастыруды сұраған прокурордың өтінішін ішінара қанағаттандырған.
Бұған дейін Игорь Додон сыбайлас жемқорлық, заңсыз баю, сондай-ақ, отанына опасыздық жасады деген күдікке ілінген болатын. Сонымен қатар, сот дәл сол іс бойынша күдікті Петр Меринянуды тергеу изоляторында 30 күнге қамады. Ол – Игорь Додонның туысы.
2020 жылы экс-депутат Юрий Реницэ сол кездегі президент Игорь Додон демократиялық партияның жетекшісі Владимир Плахотнюк пен оның орынбасары Сергей Яраловпен кездескен видеоны жариялады. Видеода Игорь Додонның партия жетекшісінен пакет алғанын көруге болады. Депутаттың айтуынша, онда қомақты ақша болған. 2019 жылғы маусымда өткен бұл кездесуден кейін Владимир Плахотнюк елден кеткен.
Бастапқыда Молдованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы Игорь Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Өйткені қылмыс белгілері анықталмаған. Бұл шешімді Кишинев соты қолдаған болатын. Бірақ 17 мамырда Кишиневтің апелляциялық палатасы бірінші сатыдағы сот шешімін жояды.
Сөйтіп, Молдованың бұрынғы президенті 72 сағат қамауға алынып, оның үйінде және Калараш ауданындағы басқа да нысандарында тінту жүргізіледі.