Жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңы 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайтылады
Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасы аясында қалада шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин жаңа ЕТЖ-ны таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін біз ЕТЖ-ны басшылыққа алу керектігін айтамыз. Құрылыс салушы 6 қабатты тұрғын үйін ЕТЖ-дағы шарттарды ескеріп, эскизді мақұлдағаннан кейін жобаны іске асырады. Естеріңізде болса, 5 қабатты ғимараттың нөлдік бұрышында 9 қабатты ғимараттар салынған. Жаңа ЕТЖ-да мұның жолын кестік және жаңа құрылымға ешкім «білгенін» істей алмас үшін бұл аймақтарды демалыс орындарына айналдырдық. Біз қаланың өз ережесі бар екенін түсіндіреміз, - деді Асқар Әмрин.
Жалпы, жаңа ЕТЖ саябақтарды, скверлерді, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайтуды көздейді.