×

Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады

Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады

 Дастан Жұмабекұлы 05.02.2024 | 10:52
Фото: gov.kz/ Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда үшінші теміржол вокзалын салуға арналған (ЕГЖ) жоба таныстырылды. Бұл жоба бұрын жарияланған бірқатар құжатта бар. Соның ішінде Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына және көлік қаңқасының шебер жоспарына енгізілген, деп хабарлады almaty-akshamy.kz

Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді. Соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаяды, – делінген материалда.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, жаңа теміржол платформасын салуға арналған аумақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға тиесілі магистральдық желіде болады.

Біздің басты міндетіміз – ЕТЖ-да вокзал мен вокзал маңындағы алаңды қамтамасыз ету. Қазір 2 апта бұрын жарияланған көлік қаңқасына сәйкес, техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Біз оның мерзімін 2026-2027 жылдар деп қарастырып отырмыз, – деді ол.

Вокзал Мәдениет шағын ауданының маңына салынады. Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама