×

Майқайыңда құтқарушылардың жұмысы шұғыл тоқтатылды: комиссия құрылып жатыр

Қазіргі күні ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр.

 Халық үні 04.02.2024 | 22:35
Фото: gov.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі

Арнайы сканер ойық түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгергенін әрі жұмсарып бара жатқанын анықтады. Әзірше іздеу-құтқару жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін мамандар геологиялық радармен ойық түбін кезекті рет сканерлеген.

«Геологиялық сканерден алынған мәліметтерді зерделей келгенде, шұңқыр түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгеріп, босаңси бастағаны анықталды. Нысанның жанында және астында қуыстар мен бос кеңістіктер бар. Кез келген сәтте тау жыныстары төмен опырылып түсіп кетуі мүмкін. Қазір ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр. Комиссия тау массасын толықтай барлап, іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны анықтайды», –  деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін апат орнында экскватор мен мамандар әдеттегідей режімде жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, кеше жұмыстар жүріп жатқан жерде терең ойық пайда болып, құтқарушылардың жұмысы шұғыл тоқтатылды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама