×

Екатеринбург-Алматы тасжолында қатарынан 11 көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Зардап шеккен 5 адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген

 Еркеғали Болатұлы 04.02.2024 | 14:55
фото: видеодан скриншот

Екатеринбург-Алматы тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. 11 көліктің соқтығысуынан 5 адам зардап шеккен.

Жол көлік оқиғаcы туралы видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Toyota Camry маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі жол ережелерін сақтамағанын анықтады. Ол арақашықтықты сақтамай, сондай-ақ жылдамдық режимін асырып, алда келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен 5 адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама