Алматы маңында бір сағат ішінде екі рет жер сілкінді
4,9 және 5,3 балдық жер сілкінісі 3 ақпанда сағат 19:26 және 19:44-те болды
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті дүмпулерді тіркеді.
4,9 және 5,3 балдық жер сілкінісі 3 ақпанда сағат 19:26 және 19:44-те болды.
Алғашқы жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 19:26:24-те болды, алматылықтар оны сезбеген.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 274 шақырым жерінде орналасқан. Сейсмологтар оның афтер дүмпу екенін байқады. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1. Магнитудасы – MPV 4.9. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша – 41,07°. 78,57° – шығыс, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы.
Екінші дүмпу Астана уақыты бойынша 19:44:34-те болды. Жер сілкінісінің ошағы алдыңғыдағыдай. Бұл дүмпудің магнитудасы одан көбірек болған – 5,3, бірақ ол Қазақстан аумағында сезілмеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін сейсмологтар магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісін тіркеген болатын.