Полицейлер «Іздестіру» рейдтік іс-шарасын өткізді
Астанада екі күннің ішінде іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қалалық прокуратураның үйлестіруімен елордада құқықтық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті «Іздестіру» рейдтік іс-шарасын өткізді.
Биыл 29-30 қаңтар аралығында іс-шара барысында (елорда базарларында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, жалдамалы пәтерлерде және басқа жерлерде) іздеуде жүрген 14 қылмыскер анықталып ұсталды. Оның ішінде өткен жылдарда іздеуге жарияланған 7 адам, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалғандардың 2-еуі табылды.