×

Тоқаев ресейлік кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға тапсырма берді

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келген 

фото: sputnik.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында Ресейден келген 200-ден астам кәсіпкерге қолайлы жағдай жасау үшін тиісті ведомстволарға тапсырма бергенін мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы форумға келгендерді «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен жан-жақты танысуға шақырды.

«Осы орайда бұл орталық өте тиімді халықаралық алаң болып тұр. АХҚО ағылшын құқығына сәйкес қызмет етіп жатыр. Атап айтқанда, ресейлік және басқа да компаниялар тарапынан Халықаралық қаржы орталығының жұмысына жоғары қызығушылықты байқап отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президентттің айтуынша, Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келіп, аталған қаржы орталығының алаңында орналасты.

«Осы орайда тиісті ведомстволардың басшыларына ресейлік кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма бердім», – деді Қазақстан Президенті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама