×

Аустралияда велоспорттан Ұлттар кубогы басталды

Жарыс екі күн болады.

 Дастан Жұмабекұлы 03.02.2024 | 12:55
Фото: Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бүгін Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі. Олар - Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай.

Әлемдік додаға 49 елден 291 спортшы қатысады. Жарыс екі күн болады. Оған ұлттық құраманы ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Иван Сиваш бастап барды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама