×

Үш облыста республикалық жолдар жабылды

Трассада бұрқасын, боран, жел соғып, тұман түсіп тұр

 Дастан Жұмабекұлы 03.02.2024 | 12:15
Фото: qaj.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесі жабылды.

Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Жамбыл облысында бір учаске жабылды.

«Алматы-Ташкент-Термез» бағытындағы 159-238 км жолда тұман мен желге байланысты жол жабылды. Қордай ауданындағы Кенен мен Қайнар ауылдарының арасындағы 79 км жерде қатты тұман, жол көрінбейді.

Қостанай облысында да бір учаскенің жолына шектеу қойылды.

«Жезқазған-Петропавл» бағытындағы 252-335 км жерде Ұлытау облысының шекарасы мен Аркалық қаласына дейінгі  83 км-де ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды.

Ұлытау облысында бір учаскеде автокөліктерге жүруге рұқсат берілмеді.

«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км бағытындағы Ұлытау қаласы мен Қостанай облысының шекарасына дейінгі 115 км жерде бұрқасын деген ақпарат келіп түсті.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 375 техника мен 536 құтқарушы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама