Бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де Дмитрий Попко мен Франсиско Серундоло ойнайды
Аргентинаның Росарио қаласында теннистен Дэвис кубогы турнирінің іріктеу кезеңі аясында осы елдің ұлттық құрамасы мен Қазақстан командасы матчының жеребесі тартылды.
Бүгін жарыстың бірінші күні, Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де АТР рейтингінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко мен Франсиско Серундоло (№22 АТР) ойнайды.
Содан кейін кортқа Тимофей Скатов (№278 АТР) пен Томас Мартин Этчеверри (№28 АТР) шығады.
Ертең сағат 20:00-де жұптық сында Александр Недовесов пен Тимофей Скатов аргентиналықтар Максимо Гонсалес мен Андрес Мольтенимен күш сынасады. Одан кейін Скатов Серундоломен, соңғы ойында Попко Этчеверримен кездеседі.
Біздің командада қатардан шығып жатқандар бар. Бейбіт Жұқаев жарақатына байланысты келе алмаса, Евсеев құрамамен бірге Аргентинаға қарсы дайындалғанымен, сырқаттанып қалды. Сондықтан жағдай қиын. Қарсылас команда күшті құрамын шығарады. Дегенмен Попко, Недовесов, Скатовтың соңына дейін намысқа тырысып ойнайды деп ойлаймын, – деді команда капитаны Юрий Щукин.
Денис Евсеевке салқын тиіпті. Ол ауырып қалыпты.