Жедел қызметкерлер наркотикті дайындаған күдікті екі азаматты ұстады
Қарағанды облысы ҰҚК департаменті прокуратурамен бірігіп, Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйден синтетикалық есірткіні жасаумен айналысқан лабораторияны тапты.
24-25 қаңтарда жедел қызметкерлер есірткіні дайындаған күдікті екі азаматты ұстады.
Тінту кезінде 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 кг астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.
Қолда бар мәлімет бойынша, зертхана жуық арада құрылған.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.