×

Қарағандыда есірткі лабораториясы табылды – ҰҚК

Жедел қызметкерлер наркотикті дайындаған күдікті екі азаматты ұстады

 Дастан Жұмабекұлы 03.02.2024 | 11:26
Фото: gov.kz/ Ұлттық қакіпсіздік комитеті

Қарағанды облысы ҰҚК департаменті прокуратурамен бірігіп, Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйден синтетикалық есірткіні жасаумен айналысқан лабораторияны тапты.

24-25 қаңтарда жедел қызметкерлер есірткіні дайындаған күдікті екі азаматты ұстады.

Тінту  кезінде 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 кг астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Қолда бар мәлімет бойынша, зертхана жуық арада құрылған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама