«Қазгидромет» РМК 3-5 ақпанға ауа райы болжамын жариялады.
«Қазгидромет» РМК 3-5 ақпанға ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері Қазақстандағы синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклон анықтайды. Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты және әртүрлі фазадағы жауын-шашын түсіп, бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ болады.
Әзірге тек оңтүстік аймақтар антициклонның ықпалында болғандықтан, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады. Атлантикалық циклон, сонымен қатар республиканың барлық аумағында температураның біртіндеп жоғарылауына себеп болады.