Halyq Uni логотип
×

«Дайын болу керек». ШҚО әкімі аудан басшыларын қауіптің алдын алуға шақырды

Тиісті тапсырма берілді

 Дәурен Ерболат 02.02.2024 | 15:47
«Дайын болу керек». ШҚО әкімі аудан басшыларын қауіптің алдын алуға шақырды
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірде сейсмикалық оқу-жаттығу өткізуді тапсырды, деп хабарлады Altaynews.kz.

Облыс әкімдігінің мәжілісінде іс-шараның сәуірге жоспарланып отырғаны айтылды.

Аудан әкімдері де осындай оқу-жаттығуларды өз аудандарында өткізуі керек. Осылайша, кез келген төтенше жағдайға дайын боламыз, - деді Ермек Көшербаев.

Өйткені Шығыс Қазақстан облысы 6-9 балға дейінгі сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.

Еске сала кетсек, биыл 23 қаңтарға түні Алматыда жер сілкінген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама