×

ШҚО-да 3 әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Олар біртектілікке қойылатын талаптарды қасақана елемеген

 Динара Амантай 02.02.2024 | 12:40
Фото: zakon.kz

Шемонаиха ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарттарды заңсыз жасасу фактілері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнама егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі АЕК-тің 3 мың еселенген мөлшерінен аспаса, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтерді бір көзден сатып алуға мүмкіндік береді.

Алайда жекелеген әкімдер сатып алу кезінде бір ғана жұмыстың құнына тоқталып (3 мың АЕК-тен аспайтын), жұмыстың біртектілік талаптарын қасақана елемеген.

Мәселен, Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты аталған әдіспен қысқы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы көлемі 27,2 млн теңгеге 3 шарт жасасқан. Жұмыстың сипаты біртекті, бірақ бұл ретте жалпы құны 3 мың АЕК-тен асқанын ескере отырып, бұл сатып алулар бәсекелестік ортада іске асырылуға тиіс болатын.

Осындай заң бұзушылықтарға Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері де жол берген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Шемонаиха қаласы, Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері ҚР ӘҚБтК 207-бабының 11-бөлігі бойынша әрқайсысы 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама