×

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

Тазалау жұмыстарына 1,1 мыңнан аса адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 02.02.2024 | 11:38
Скрин: Youtube

Бүгінгі сағат 11.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облысында 2 учаске:

  1. «Алматы-Ташкент-Термез» – 534-593 шақырым, Айша Бибі ауылы-Түркістан облысының шекарасы – 59 шақырым.
  2. «Алматы-Ташкент-Термез» – 159-476 шақырым, Кенен ауылы-Ақшолақ ауылы – 317 шақырым.

Жетісу облысында 1 учаске:

  1. «Үшарал-Достық» – 84-184 шақырым, Көктұма бекеті-Достық бекеті – 100 шақырым.

Түркістан облысында 1 учаске:

  1. «Алматы-Ташкент-Термез» – 593-652 шақырым, Жамбыл облысының шекарасы-Машат кенті – 59 шақырым.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 893 арнайы техника және 1145 жолшы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама