Күрес: Астанада Қазақстан чемпиондары анықталды
Бүгін кілемге грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87, 125 келі cалмақтағы балуандар шығады
Астанада күрес түрлерінен кезекті Қазақстан чемпионаты басталды. Оған еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам балуан қатысып жатыр.
Чемпионаттың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің шеберлері шығып, 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Төменде мына балуандар өз салмағында ел чемпионы және жүлдегер болды:
55 келі
1) Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу облысы)
2) Айбек Айтбеков (Астана қаласы)
3) Ербол Камалиев (Алматы облысы)
3) Қасым Аден (Түркістан облысы).
63 келі
1) Ержет Жарлықасын (Жамбыл облысы)
2) Диас Әскербай (ШҚО)
3) Айбек Есмұратов (Қостанай облысы)
3) Мұхамедәлі Мамырбек (Шымкент қаласы).
72 келі
1) Николай Хапко (СҚО)
2) Ерасыл Нұрбосынов (Алматы облысы)
3) Әділхан Сатаев (Шымкент қаласы)
3) Елдос Камелов (ШҚО).
82 келі
1) Евгений Поливадов (Атырау облысы)
2) Альмир Төлебаев (Жетісу облысы)
3) Талас Әшірханов (Жамбыл облысы)
3) Мирас Баршылықов (Қостанай облысы).
97 келі
1) Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы)
2) Иусуф Мациев (Қостанай облысы)
3) Ислам Умаев (Алматы қаласы)
3) Ерлан Ысқақов (Қарағанды облысы)
Бүгін грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87, 125 келідегі чемпиондар мен жүлдені қанағат еткен балуандардың есімі белгілі болады.