Ақ халаттылардан кешірім сұраймын
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан азамат ұсталмас бұрын қазақстандықтардан кешірім сұрап, видео жариялаған.
Видео 1 ақпанда түсірілген. Жазба сипаттамасында видео күдіктінің ұсталған сәтіне дейін түсіріліп, паблик парақшаларға жіберілгені жазылған.
1 ақпанда полицияға өзім барып берілмекшімін. Жасап қойған қиянатым маза бермей жатыр. Анамнан да, бәрінен кешірім сұраймын. Ақ халаттылардан кешірім сұраймын.
Менің зиын тигізем деген ойым болған жоқ. Мұндай ой болмаған да, болмайды да. Қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан кешірім сұраймын.
Мұсылман бауырлар мені кешіріп қойыңыздар. Мен өз қателігімді түсініп отырмын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер, - дейді ол видеоүндеуінде.