×

Атырау облысында баласы 20 күн сабаққа бармаған ана айыппұл арқалады

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді

 Динара Амантай 01.02.2024 | 11:53
Фото: Halyq Uni

Атырау облысында баласы 20 күн сабаққа бармаған ана айыппұл арқалады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, сондай-ақ күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған әйелге қатысты іс қаралды.

Сотта анықталғандай, әйелдің 3-сынып оқитын ұлы дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді.

Сот қаулысымен кәмелетке толмағанның анасы кінәлі деп танылды. Сот оның жеке басын, отбасылық және материалдық жағдайын, құқықбұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 24 мың 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады, – делнген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама