×

Алматылық оқушылар Үндістанда өткен халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

Олар жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан, жоғары кәсіби деңгейін көрсетті

 Динара Амантай 01.02.2024 | 10:55
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматылық оқушылар Үндістанда өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионатта жеңіске жетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан құрамасы 220 команда бақ сынасқан The Goa International Robotics Festival халықаралық ашық чемпионатына қатысты. Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматыдан барған Sana Тeam және Qazaq style құрама командалары екі жоғары наградамен марапатталды.

12 жастан 18 жасқа дейінгі FIRST Tech Challenge санаты бойынша:

  • 1 орын Motivate award - Sana Тeam командасы, Алматы қаласының «Білім-инновация» лицейі (БИЛ);
  • 1 орын Inspire award - Qazaq style құрама командасы, Алматы қаласының №124, 81, 178, 206, 200 мектептері.

Жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан, қазақстандық оқушылар жоғары кәсіби деңгейін көрсетті.

Жас өнертапқыштар бәйгесіне жолдаманы былтыр желтоқсанда оқушылар Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама