Halyq Uni логотип
×

«Жеңісімнің бастамасы»: Айшолпан Тілеутай отадан кейінгі өзгерісті айтты

Айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.

 Халық үні 01.02.2024 | 08:44
«Жеңісімнің бастамасы»: Айшолпан Тілеутай отадан кейінгі өзгерісті айтты
Фото: видеодан алынды

Асқазанына екі рет ота жасалған айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай желідегі парақшасында Ыстамбұлда 8 келіге арықтағанын айтты.

Айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.

«Қайырлы кеш, баршаңызға! Стамбулға 135 келі болып келгенмін. Әне-міне дегенше – 8 келі тастаппын. Жеңілдеп қалдым», - деп жазған ақын. 

Сонымен қатар, ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін айтады.

«Теңіз жағасында күніне 10 мың қадам. Бұл қала менің жеңістерімнің бастамасы!», - деп жазған ақын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама