Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында ірі жол апаты салдарынан 25 адам ауруханаға түсті

Оның ішінде 1 бала бар

 Еркеғали Болатұлы 31.01.2024 | 15:35
Жамбыл облысында ірі жол апаты салдарынан 25 адам ауруханаға түсті
фото: Жамбыл облысы ТЖД

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Алматы-Ташкент» тасжолында ірі жол апаты болып, 25 адам зардап шеккен, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Толығырақ айтқанда, 31 қаңтарда Жуалы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) Тараз қаласынан Түркістан облысына қарай, Нұрлыкент ауылына дейін 2 шақырым жетпей, ірі жол апаты жасалды.

ТЖД мәліметінше, қатарынан жеңіл көліктер, жүк көліктері мен жолаушылар автобусы соқтығысқан.

«Б. Момышұлы аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 25 адам жеткізілді. Оның ішінде 1 бала бар. Бұл ретте ТЖД күштері көлікке қысылған адамдарды шығару бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаза тапқандар жоқ», - делінген хабарламада.

Нұрлыкент ауылының «Мәдениет үйі» жылыту пунктіне 39 адам (оның 8-і – бала) жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама