Канвон-2024: керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті
Ибрагим мен Мерей Тастеміровтер Италияның өкілдерінен басым түсті
Оңтүстік Кореядағы Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті.
Ибрагим, Мерей Тастеміровтер Италияның өкілдері Виттория Майори мен Эллиа Энчелаттиден 10:2 есебімен басым түсті.
Бүгін Қазақстан құрамасы Дания командасынан 3:15 есебімен жеңіліп қалды.
Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 18-сатыда тұр.
Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, шорт-трекші Полина Омельчук пен хоккейден ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған еді.