Бұл елдегі крематорий салынатын жалғыз қала емес
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі биологиялық және медициналық қалдықтарды жоятын патологоанатомиялық бюроның құрылысы басталғанын хабарлады.
Қазір құрылыс-монтаж жұмыстарымен қаланың құрылыс басқармасы айналысып жатыр.
Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.
Қазір қазандық орнату жұмыстары басталған.
Еске сала кетсек, 2020 жылы тамыз айында елордадағы крематорий құрылысына 1,5 млрд теңге қажет екені айтылған еді. Бұл ретте Нұр-Сұлтан елдегі крематорий салынатын жалғыз қала емес. Бүгінде Алматыда да бір крематорийдің құрылысы аяқталуға жақындап қалған.