×

«Астана», «Ақтөбе» командасындағы шетелдік футболшылардың жалақысы белгілі болды

Алайда біреуінің клубпен келісімшарты жоқ

 Еркеғали Болатұлы 31.01.2024 | 11:00
фото: Halyq Uni

Беларусьтің Tribuna.com басылымы Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін кейбір футболшылардың жалақысын анықтады.

Өткен маусымда «Астананың» жартылай қорғаушысы – Қазақстандағы беларусь ойыншысы Макс Эбонгтің ең жоғары жалақы алғаны атап өтілді. Оның астаналық клубтағы жалақысы 15-17 мың доллар шамасында болған.

Беларусьтің 2023 жылғы үздік футболшысы оқу-жаттығу жиынында «Астанамен» жұмыс істеуі мүмкін. Алайда оның клубпен келісімшарты жоқ.

Сондай-ақ кезінде Беларуссияда «Днепр», «Рух» және «Динамо Брест» командаларында ойнаған камерундық қорғаушы Габи Кики қаңтар айынан бастап «Шериф» командасынан «Ақтөбеге» 20 мың доллар жалақыға ауысты.

Айта кетейік, Эбонг «Астана» сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда ол барлық турнирде 36 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама