Қызылорда облысында - 1 учаске
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Алматы облысында - 3 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 59-143 км, Жаңақұрлыс а. -Жамбыл обл.шек - 84 км.
2. «Алматы-Шелек-Қорғас» 24-254 км, Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін– 230 км.
3. «Алматы-Өскемен» 25-124 км, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін - 99 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (қар, ауа температурасының төмендеуі).
Жамбыл облысында - 2 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 143-238 км, Алматы обл.шек - Қайнар а. - 95 км.
2. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-212 км, Кенен а.-Қордай а. - 53 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).
Қызылорда облысында - 1 учаске
1. «Самара-Шымкент» 1802-2055 км, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).
Түркістан облысында - 1 учаске
1. «Самара-Шымкент» 2055-2082 км, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а.– 27 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).