Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда ауыз сумен жабдықталмаған 2 мыңға жуық ауыл бар

Төрт өңірде ауыз сумен қамту деңгейі төмен

 Халық үні 16.11.2021 | 10:22
Қазақстанда ауыз сумен жабдықталмаған 2 мыңға жуық ауыл бар
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Статистика бойынша ауыл халқын ауыз сумен қамту деңгейі 4 өңірде төмен: Қостанай (64,7 %), Шығыс Қазақстан (81,4 %), Солтүстік Қазақстан (82,1 %) және Жамбыл (82, 2%) облыстары.

Индустрия және инфрақұрұлымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, сумен жабдықталмаған 1 922 ауылдың мәселесін шешу үшін 793 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жоспарланған. 200-ден аз адам тұратын шағын ауылдарда (1 129 ауыл) кешенді блок-модульдер орнатылмақ. Биыл тағы 148 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау және халқы аз 220 ауылға кешенді блок-модуль орнату жоспарланған.

Жыл сайын халықтың саны да артып, тиісінше суды тұтыну көлемі де ұлғайған. Сол себепті, халықтың көші-қонына байланысты 50 ауылдағы су құбыры желілерін кеңейту қажет екен.

Мәселен, Ақмола облысының Қараөткел ауылында іс жүзінде 18 мыңға жуық адам тұрады. Ал 2018 жылы салынған су құбырлары 8 мың адамға арналған. Мұндай ауылдарда су құбыры желілерін кеңейту үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлу қажет, - дейді Б. Атамқұлов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін ел халқын түгелдей сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырма берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама