Halyq Uni логотип
×

«Жәнібектің көзіне тура қараймын»: Экс-министр шетел асқан қазақ балалары өзіне рахмет айтуы керек деп есептейді

Мен оның тағдырын білмеймін

 Халық үні 30.01.2024 | 19:46

Экс-министр Жақсылық Досқалиев Adal Adam youtube арнасында шетелге кеткен балалардың бетіне тура қарай аласыз ба деген сұрағына жауап берді.

Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің тағдырына қатысты біраз былықтың әшкереленгеніне қарамастан, экс-министр тастанды баланың өзіне рахмет айтуы керектігін айтты. 

Жәнібектің көзіне тура қараймын. Келсін тура қараймын. Мен мысалы оның тағдырын білмеймін, қалай кеткен, қай жаққа, қалай болғанын. Бірақ Жәнебекке айтам: «Айналайын, Қазақстанға келіп, ананды іздеп жүргенің дұрыс. Бірақ сенің анаң осындай жасап кетті. Енді сен үлкен жігіт болдың ғой. Үйлі-күйлі боласың ғой. Мына анаңның жасағанын жасама» деймін. Билік неге мені өзі асырамады деп сұраса, маған сұрақ қоярдан бұрын ойламадың ба, елге қайтам, тегімнің қасында болам деп. Сен неге 18-ге келгенде Қазақстанның азаматтығын алмадың деген сұрақты қоямын», - деді Досқалиев.

Сонымен қатар, Досқалиев Жәнібектен басқа шетелге кеткен барлық қазақ балаларының бетіне тура қарай алатынын жеткізді. 

«Тура қараймын. Өйткені айтам: Сен ол кезде мүгедек болдың. Сенің денсаулығыңды түзететін осы жерде жағдай болмады. Содан кейін мына асырап алған адамдар сенің денсаулығыңды түзеп, сен менің алдыма келіп, аға деп сұрап отырсың. Рахмет деп айтуың керек», ‒ деді экс-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама