Канвон-2024: шаңғымен классикалық әдіспен жеке жарыс аяқталды
Қазақстан спортшылары жүлдеден шет қалды
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қыздар мен ұлдардан құралған командасы 7,5 шақырымға классикалық әдіспен жарысты.
Ұлдар арасындағы бәсекеде Берік Боранбаев 35, Әубәкір Тотанов 40-орыннан көрінді. Жарысқа жалпы есебі 79 спортшы қатысты. Ал қыздар арасындағы сында Виолетта Митропольская 25, Милана Мамедова мәреге 52-ші болып жетті. Жарыс жолына 78 шаңғышы шықты.
Бүгін Қазақстан спортшылары керлингтен сынға түседі.
1 ақпанда шаңғы жарысынан 4×5 шақырым қашықтықта аралас эстафета болады.
Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр. Спортшылар биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша жарыстарға қатысуда.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтарда жағылған болатын. Жарыс 1 ақпанда аяқталады.