Биыл Бурабай ұлттық саябағында 520 мыңнан аса ағаш отырғызылады

Динара Амантай

Осы арқылы орман алқабы жас көшеттер есебінен 65 гектарға ұлғаюы керек

Фото: Halyq Uni

Биыл Бурабай ұлттық саябағында 520 мыңнан аса ағаш отырғызылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, орман алқабы жас көшеттер есебінен 65 гектарға ұлғаюы керек.

Айта кетсек, өткен жылы ұлттық парк қызметкерлері 500 мыңнан аса қарағай мен қайың көшеттерін отырғызған. Көшеттер саябақтың 1960 жылы ашылған бағында өсіріледі. Мұнда қайың мен қарағайдан бөлек, қарақат, алма, таңқурай, үйеңкі, бөріқарақат ағаштары егілген.

Жыл сайын инспекторлар қарашадан қаңтарға дейін орманнан қарағай бүршіктерін жинайды. Биыл бұл жұмыс уақтылы аяқталды. Бірнеше күн бойы жиналған және кептірілген тұқымдар қазір температура мен ылғалдылық деңгейі бақыланатын жабық бөлмелерде, арнайы камераларда сақталады. Көктемде көктеп шыға бастаған өскіндерді егіп, тыңайтқыш беріп, ауылшаруашылығы жұмыстарын, мысалы, арамшөптерді екі жыл бойы жүргіземіз. Осыдан кейін ғана сабақтары бірнеше сантиметрге жететін өскіндер жабайы жағдайда өсіріледі, – деді ұлттық парктің ормандар мен өсімдіктерді қорғау және жаңғырту бөлімінің басшысы Александр Ковалев.

Оның айтуынша, көшет әдетте сәуірдің соңына қарай отырғызылады. Жаңа топырақта өніп шығу үшін өскін тамырдағы микрофлорамен бірге кастрюльден алынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 5 жыл ішінде 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі кешенді жоспар іске асырылып жатыр.