Бұл ақпаратты ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады
24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәлметінше, «Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда, 30 қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынған.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.