Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді
30 қаңтарда таңғы уақытта Алматыда екі рет жер сілкінісі тіркелді.
Бірінші жерасты дүмпуі сағат 03:03 кезінде болды.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қытай аумағында болды.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.
Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.