Қарағанды облысында екі қабатты үйде жарылыс болып, адамдар үйінді астында қалған

Халық үні

Үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды.

Фото: видеодан алынды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жарылыс болып, адамдар үйінді астында қалды, деп хабарлады облыстық ТЖД.

Ведомствоның хабарлауынша, 30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында 2 қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйде жарылыс болды. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

«Үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды.Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды.

Құтқару жұмыстары аяқталды.

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді.