Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысын 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлауына қатысты пікір білдірді.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысын 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлауына қатысты пікір білдірді.
Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл дерек 2024 жылғы 17 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген.
«Күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы мектепте сегізінші сынып оқушысын бірнеше жасөспірімнің зорлағаны туралы ақпарат тарады.
Оқушы қызды 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлағаны айтылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады полиция.
Ал білім басқармасының баспасөз қызметі бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, ешқандай ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді.