Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК 30 қаңтар – 1 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды.
«Қазгидромет» РМК 30 қаңтар – 1 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады.
Жауын-шашын солтүстік облыстарда қар түрінде, оңтүстік өңірлерде бұрқасын және жаңбыр түрінде түседі. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болатынын болжап отыр.