Halyq Uni логотип
×

Белгородта соғысты қолдаған баланың құрметіне шоколад шығарылды

Ол Ресей әскерилерін шығарып салып, қарсы алып жүреді

 Дастан Жұмабекұлы 26.05.2022 | 13:47
Белгородта соғысты қолдаған баланың құрметіне шоколад шығарылды
Фото: Настоящий Гладков Telegram-арнасы

Ресейдің Белгород облысында РФ әскерінің Украинадағы соғысын қолдаған 10 жастағы баланың құрметіне «Алешка» деген шоколад шығарылды.

Бұл туралы «Новости» РАА хабарлады.

Бұған Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков бастамашы болған. Ол өзінің «Настоящий Гладков» Telegram-арнасында Алексей есімді баланың Ресей әскерилерін шығарып салып, қарсы алып жүретінін, сөйтіп оның облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал болғанын жазған.

Ол Ресей әскерилерін шығарып салып, қарсы алып жүреді. Оларға өз жүрегінен шыққан жылуын ылғи төгіп тұрады. Ол сондай шынайы, адал, – деді облыс губернаторы.  

Одан әрі ол кондитер фабрикасымен келісіп, «Алешка» деген шоколад шығарылғанын, қарапайым халықтың жүрек жылуын осылай жеткізгісі келгенін айтады.

Шоколадтың түсі қою қоңыр, адамға күш беруге тап осындай түстің пайдасы зор. Енді біз шоколадтың сынақ партиясын шығарып, госпитальдарда жатқандар мен шепте жүргендерге жібердік. Әрине, Лешаға да бердік. Ол – біздің халықтық қаһарманымыз, – деді ол сөз соңында.

Сонымен бірге губернатор шоколадтың дүкендерде сатылмайтынын айтты.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама